Компания қызметіндегі өзгерістерге байланысты f2pool.kz сервисі өз жұмысын тоқтатады. Осыған байланысты туындауы мүмкін қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
Қызметтің тоқтатылу кестесі:
- 2026 жылғы 21 қазан, сағат 00:00 (UTC) — жаңа пайдаланушыларды тіркеу тоқтатылады. Қолданыстағы пайдаланушылар майнинг-пул қызметтерін 2026 жылғы 20 қараша, сағат 23:59-ға дейін (UTC) пайдалана алады.
- 2026 жылғы 21 қараша, сағат 00:00 (UTC) — майнинг-пул және оған қатысты барлық қызметтер толық тоқтатылады, сондай-ақ f2pool.kz сайты жабылады. Осы уақыттан бастап сыйақы есептеу және хешрейт қабылдау тоқтатылады. Пайдаланушылардың аккаунттарына кіру мүмкіндігі жабылады.
Сервис жабылғанға дейін келесі әрекеттерді орындау қажет:
- Қаражатты шығару. Аккаунт баптауларында төлем қабылдайтын әмиян мекенжайы көрсетілгеніне көз жеткізіңіз немесе шоттағы қалған қаражатты толық шығарып алыңыз. Қажет болса, әмиян мекенжайын баптау және қаражатты шығару жөніндегі нұсқаулықтарды қараңыз.
- Жабдықтарды ажырату: Хешрейттің қате көрсетілуін немесе майнинг жұмысының үзілуін болдырмау үшін, сервис жұмысы тоқтатылғанға дейін майнинг құрылғыларыңызды f2pool.kz пулынан ажыратыңыз.
- Деректерді сақтау. Майнинг тарихы, хешрейт көрсеткіштері және есептелген сыйақылар туралы қажетті ақпаратты алдын ала жүктеп алып, сақтап қойыңыз. Сервис жабылғаннан кейін аккаунт деректеріне қол жеткізу мүмкін болмайды.
Маңызды: бұл өзгерістер тек f2pool.kz сервисіне қатысты. Негізгі f2pool.com платформасы әдеттегі режимде жұмысын жалғастырады.
Сұрақтарыңыз болса, қолдау қызметіне хабарласыңыз: [email protected].
Бізге артқан сеніміңіз бен ынтымақтастығыңыз үшін алғыс білдіреміз.
f2pool.kz командасы
2026-10-21